
Таразда жаңа оқу жылының алғашқы күні 14 жастағы оқушының мәйіті табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полицияның деректеріне сәйкес, жасөспірімді қаланың бір шағын ауданынан тауып алған.
Алдын-ала ақпарат бойынша, соққы жүрек тұсына тиген.
Жамбыл облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — деді полиция.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа оқу жылында орта білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болатынын мәлімдеді.
- авторОймақ
- 1 қыркүйек, 2025