Әлеумет

Елордада жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді

15-і қыркүйектен басталады.

Астанада көлік кептелісін азайту үшін бірқатар ұйымның жұмыс кестесі өзгертіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Астанада 15 қыркүйектен бастап коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларда жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді деп жоспарланып отыр. Бұл шара жол қозғалысы жүктемесін азайтуға және көлік ағындарын оңтайландыруға бағытталған.

Өзгерістер негізінен қаланың орталық аудандарында орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға қатысты болады. Ал әлеуметтік нысандардың – мектептердің, медициналық мекемелердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266471-elordada-15-qyrkuiekten-bastap-zumys-kuninin-bastalu-uaqyty-ozgeredi

Алдын ала есептеулер бойынша, енгізілетін шаралар кешені таңертеңгі және кешкі уақытта қала көшелеріндегі жүктемені 15-20%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бұл шара экологиялық жағдайға да оң әсер етіп, қалалық мобильділіктің жалпы сапасын арттыра алады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266471-elordada-15-qyrkuiekten-bastap-zumys-kuninin-bastalu-uaqyty-ozgeredi

Қазіргі уақытта Астананың әртүрлі аудандарындағы көлік ағындарына кешенді талдау жүргізілуде. Жұмыс күнінің басталу уақытын өзгертумен қатар, басқа да шаралар қарастырылып жатыр. Мысалы, кейбір ұйымдар үшін түскі үзіліс немесе ауысымның аяқталу уақыты өзгеруі мүмкін.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266471-elordada-15-qyrkuiekten-bastap-zumys-kuninin-bastalu-uaqyty-ozgeredi