Әлеумет

"Бесінші балам өмірге келеді": Қайрат Нұртас отбасы туралы айтты

Әнші концерттердің бірінде ата-ананың қадірін балалы болғалы түсінгенін айтқан.

Әнші Қайрат Нұртастың сахнада баласына қатысты айтқан сөзі жарияланды,  – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Әнші концерттердің бірінде ата-ананың қадірін балалы болғалы түсінгенін айтқан.

"Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйыртса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін",  – деді Қайрат Нұртас. 

Айта кетейік, жақында Қайрат Нұртастың әйелі, акриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын өмірге әкелді. Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі барысында денсаулығында қандай мәселе болғанын ашық айтты.