Әлеумет

Стипендия көбейді: докторанттар 262 500 теңге алады.

Бакалаврларға 52 372 теңге төленеді.

Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2020 жылдан бері екі есе ұлғайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді. 

Вице-министрдің айтуынша,  2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен. 1 қыркүйектен бастап студенттер мынадай мөлшерде стипендия алады:

бакалаврлар – 52 372 теңге,

педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,

магистранттар – 117 098 теңге

докторанттар – 262 500 теңге.