140 балл жинаған бала қай университетті таңдады
Әбілхан Жәнібек – 2025 жылы барлық бес пәннен толық балл жинап, 140 ұпай алған жалғыз түлек
Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібек биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары көрсеткіш – 140 балл жинап, Astana IT University-де «IT» мамандығы бойынша білім алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. Ал Әбілхан дайындалған EDUSER білім беру орталығы өз уәдесінде тұрып, студентке университетке жақын маңдағы еуропалық стандарттағы екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты.
Әбілхан Жәнібек – 2025 жылы барлық бес пәннен толық балл жинап, 140 ұпай алған жалғыз түлек. EDUSER дерегінше, орталықтың дайындық курстарына биыл шамамен 400 оқушы қатысқан. Алайда тарихи рекордты орнатқан – дәл осы Әбілхан.