сәрсенбі, 27 тамыз, 2025 17:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жиенбайға қатысты істің басқа қылмыстық іске ұқсастығы болуы мүмкін

Жиенбайға қатысты істің басқа қылмыстық іске ұқсастығы болуы мүмкін
әлеуметтік желі
"Антикорға беремін деп қорқытты" деген сөз шындыққа жанаспайды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Берденовке оқ атқан Жиенбайға қатысты істің басқа қылмыстық іспен ұқсастығы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Құранбектің сөзінше, бұл іс Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты қозғалған қылмыстық іске ұқсап отыр.

«Арман Әбдешовке және одан басқа да қылмыстық іс қозғалып жатқаны жайлы әлеуметтік желіден оқып отырсыздар. Осыған орай біз түсініктеме бере кетсек. Жалпы, тұрғын үй басқармасының басшысына қатысты желіде біраз пікір айтылғанын білесіздер. Айта кетсек, бұл азаматқа да қатысты іс Арман Әбдешовке қатысты қозғалған іске ұқсас болуы мүмкін. Яғни, шамамен 2023 жылдары атқарылған жұмыстарға қатысы бар деп ойлаймыз. Жалпы мұндай істің бағасын тергеу жүргізіліп жатқан кезде біздің түсініктеме беруге, не басқалай ақпарат беруге құқымыз жоқ. Бес саусақ бірдей емес», - деді ол. 

Сонымен қатар ол сот процесінде айтылған «қызметкерлерді Антикорға беремін деп қорқытты» деген сөздердің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Өткенде сот барысында «Антикорға беремін» деп қорқытыпты деген сөздер болды ғой. Мұның бәрі жай сөз. Ешкім ешкімді олай қорқытпайды.  Тек өз мойнымызға жүктелген міндетті ғана айтамыз. Әйтпесе, ҰҚК департаменті де, осыған дейін жұмыс істеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті де, экономикалық тергеп-тексеру департаменті де бізге қарасты емес», - деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар