сәрсенбі, 27 тамыз, 2025 14:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда өткен той футбол мерекесіне айналды

Алматыда өткен той футбол мерекесіне айналды
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі
Олар биге шықпай, "Селтик" пен "Қайраттың "ойынын тамашалаған.

Алматыда өткен бір той нағыз футбол мерекесіне айналды: қонақтар биге шықпай, экранның алдына жиналып, «Селтикке» қарсы ойында «Қайратқа» қолдау білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматылық клуб жанкүйерлердің үмітін ақтап, «Қайрат» Қазақстан тарихында алғаш рет Лига чемпиондарының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Той қонақтары бастапқыда футбол көреміз деп қана ойлаған шығар, бірақ олар тарихи сәттің куәсі болды. Ән мен би екінші орынға ығысып, орнын қуаныш пен толқу, мақтаныш пен ортақ шаттықтың ерекше атмосферасы басты.

Жалпы, «Қайрат» үшін кешкі уақытта басталған матч іріктеу кезеңінің шарықтау шегі болды. 120 минут бойы екі команда да есеп аша алмай, барлығы пенальти сериясында шешілді.
Бұл кездесуде «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков сөзсіз қаһарманға айналды. Ол қарсыластың үш бірдей соққысын қайтарып, командасына тарихи жеңіс сыйлады. Соңғы шешуші пенальтиді Сорокин дәл орындап, есепті 3:2-ге жеткізді. Осылайша, «Қайрат» ресми түрде Лига чемпиондарының топтық кезеңіне шықты.

Бұл – қазақстандық футбол үшін тарихи жетістік. «Қайрат» ел тарихында топтық кезеңге шыққан екінші клуб болды («Астанадан» кейін).

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар