сәрсенбі, 27 тамыз, 2025 12:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" тарихи жеңіске қол жеткізді

"Қайрат" тарихи жеңіске қол жеткізді
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан екінші қазақстандық команда атанды.

UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-оффында Алматының «Қайраты» тарихи жеңіске жетіп, топтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Алатау баурайына келген Шотландияның «Селтик» клубымен өткен екі ойында да есеп ашылған жоқ. Бүгінгі қарымта матч қосымша уақытқа ұласып, пенальти сериясына дейін жалғасты. Футбол лотереясында қақпашы Темірлан Анарбеков үш соққыны қайтарып, командасын алға шығарды.

Бұл кездесуде «Қайрат» бірқатар негізгі ойыншысынан айырылды. Сары қағаздарының көптігіне байланысты жас жұлдыз Дастан Сәтпаев ойынға қатыспады. Сондай-ақ Эдмилсон да алаңға шыққан жоқ. Ал жарақатынан айыққан қорғаушы Луиш Мата негізгі құрамда өнер көрсетті.

Алматылықтар топтық кезеңге жету үшін үш қарсыласынан өткен еді:

Словенияның «Олимпиясын» (1:1, 2:0),

Финляндияның КуПС-ын (0:2, 3:0),

Словакияның «Слованын» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3).

Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан екінші қазақстандық команда атанды. Бұған дейін бұл жетістікке 10 жыл бұрын елордалық «Астана» қол жеткізген еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар