Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның тағы бір видеосы жарияланды
Қазір ер адам ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның тағы бір видеосы жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Nur Ai & Co әуе турагенттігінің басшысы Гүлмира Сәдуақасова Facebook парақшасында оқиғаның мән-жайын баяндап, ер адамның өзін өртегенге дейінгі әрекеті түсірілген видеоны көрсетті.
Сонымен қатар Садвакасова әлеуметтік желідегі ер адамның билетін ауыстыруды сұрады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі төтенше оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, ер адамның әрекетінің себебі жеке өміріндегі келеңсіз жайттар – азаматтық әйелімен жанжал болды деп болжануда.
Қазір ер адам ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.