сейсенбі, 26 тамыз, 2025 13:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әйгілі әнші  Дженнифер Лопес қазақстандық скрипкашының видеосын жариялады

Әйгілі әнші  Дженнифер Лопес  қазақстандық скрипкашының видеосын жариялады
Фото: instagram.com/jlo
Ол мұны өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

Әйгілі әнші  Дженнифер Лопес Instagram желісінде қазақстандық скрипкашы Меруерт Бақыттың видеосын жариялады, – деп жазды Oimaqnews.kz Аikyn.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық өнерпаз скрипкада әншінің  Ain't It Funny әнінің каверін орындаған. Бұл Дженнифер Лопестің назарын аударып, бейнероликті парақшасына жариялады. 

Өнерпаз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінен ерекше әсер алып, кавер түсіру туралы идея келгенін айтады.

"Аңыз адам JLo-ның өзі біздің жұмысымызды байқап, бөліскеніне әлі де сене алар емеспін. Командаға рақмет айтамын, біз армандарды мақсатқа, ал мақсаттарды шындыққа айналдыруға болатынын дәлелдеп отырмыз. Бұл мен үшін алға қарай ұмтылуға үлкен мотивация болды", – деп жазды Меруерт Бақыт.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар