Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберген
Оқиға дүйсенбі күні кешке Т-1 терминалында болды.
Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында ер адамның өзін өртеп жіберген сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оқиға дүйсенбі күні кешке Т-1 терминалында болды. Ер адам үстіне жанғыш зат құйып, өз-өзін өртеп жіберген. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен әуежайдың қауіпсіздік қызметі жетіп, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды.
Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасымен Алматы қалалық клиникалық ауруханасының №4 жансақтау бөліміне жеткізілді
Науқастың жағдайы аса ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр, – деп хабарлады басқарма.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Алдын ала деректерге сәйкес, ер адамның мұндай қадамға баруына азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасуы себеп болған.