Спорт

Сәбина Алтынбекова бапкерімен неге келісе алмағанын айтты

Бұл оқиға осыдан он жыл бұрын болған еді.

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында 2014 жылы Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерімен арада болған келіспеушіліктер жайлы ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2013–2018 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. Ол ұлттық команда сапында алғаш рет 2013 жылы 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында дебют жасаған. Ал 2014 жылы Тайбэйде өткен U-19 Азия чемпионатынан кейін бүкіл Азияға кеңінен танылды. 2018 жылдан бастап ол құрамаға шақыру алмаған.