Саясат

Мемлекет басшысы Украина президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі.