Израиль палестиналықтарды Газадан Оңтүстік Суданға көшірмек
Израиль билігі Оңтүстік Суданмен палестиналықтарды ХАМАС соғысынан қираған Газа секторынан жаппай эмиграциялау жоспары аясында орналастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл идеяны Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху қолдайды. Ол бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың «ерікті көші-қон» бастамасына сүйеніп отыр
Ұқсас ұсыныстар басқа да Африка мемлекеттеріне жолданған, алайда халықаралық қауымдастық мұндай қадамды халықаралық құқық нормаларын бұзу деп бағалап отыр.
Оңтүстік Судан шенеуніктері Израиль делегациясының елге келіп, босқындарға арналған лагерьлер салу мүмкіндігін зерттеу жоспарын растады. Дегенмен, Египет бұл бастамаға қарсы шығып, дипломатиялық жолмен тосқауыл қоюға тырысуда.
Көптеген палестиналықтар Газадан уақытша кетуге ниетті болғанымен, азаматтық соғыс пен гуманитарлық дағдарыстан жаңа ғана аман қалған Оңтүстік Суданға қоныс аударуға ықылассыз. Бұған елдегі тұрақсыз ахуалмен қатар, арабтар мен мұсылмандарға қатысты тарихи жаулық көзқарастар да әсер етуде.