сәрсенбі, 13 тамыз, 2025 15:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды
Фото: Дәулет Ізтілеуов/Kazinform
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломат ретіндегі қыры жаңадан баяндалған кітаптың тұсауы кесілді.

Авторлардың айтуынша, «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монографияда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі сыртқы саясат бағытына жан-жақты талдау жасалған.

Негізгі назар оның дипломатиясының үш басты қағидатына, сондай-ақ елдің сыртқы саясатын заманауи жаһандық сын-қатерлерге бейімдеуге аударылған. Оған Ауғанстан мен Украинадағы дағдарыс, климаттың өзгеруі және өзге де күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жатады.

Сонымен қатар ерекше көңіл көрші саясатына, өңірлік интеграцияға және әлемнің жетекші державалары Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен және Еуропалық одақпен өзара іс-қимылына бөлінген. Бөлек бір тарау Қазақстанның БҰҰ, ШЫҰ, ҰҚҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдардағы рөліне арналған.

Кітапта Қазақстанның геосаяси тұрақсыздық жағдайында сындарлы диалогқа, мүдде тепе-теңдігіне және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға ұмтылысы айқын көрсетілген.

— Бұл ішкі саясатпен айналысатын ғылыми қызметкерлердің бірлескен жұмысы. Туынды бірнеше мақсатты көздейді, алдымен әлемдегі қауіпсіздік оның ішінде геосаяси жағдайдың да архитектурасы өзгерген. Сыртқы саясаттың тенденциясы өзгергеннен кейін Қазақстанның саясаты оған бейімделе алу керек. Біздің сыртқы саясаттағы басты принцип — көпвекторлық. 30 жыл бойы сақтап келе жатқан көпвекторлықты сақтап қалу өте қиын, өйткені әлемде көптеген процесс жүріп, геосаяси жағдай жиі өзгеріп отыр. Халықаралық ұйымдар қызметін трансформациялап жатыр. Соның негізінде Қазақстанның сыртқы саясатына талдау жасалды, — деді Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтулы іс-шарада.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар