
Байқоңыр ауданында сағат 10:00-ден 17:30-ға дейін трансформаторлық қосалқы станциялар мен әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі. Нәтижесінде келесі көшелерде жарық уақытша ажыратылады: Өндіріс, Сарыжайлау (№34, 36), Теректі тұйығы, Ақбидай, Бейнеу, Сүгір Әлиұлы, Гүлзар тұйық көшесі, Ақсу-Жабағылы және Көкше Кеменгерұлы.
Сондай-ақ, таңғы 09:30-дан 10:00-ге дейін және кешкі 17:00-ден 17:30-ға дейін қысқа мерзімді ажыратулар Мусоргский, Киелисай, Бестау тұйық көшелері, Шортанды көшесі, Аршалы тұйығы, Ынтымақ және Жетісай көшелерінде жоспарланған.
Сарыарқа ауданында сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін электр беру желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар Абат-Байтақ, Оғылды, Оқжетпес, Қ. Байсейітова, Ш. Бейсекова, Нұрмұхамбет Қожахметов, Сұлтанбек Қажахметов, Мұса Жалел, Жарсуат тұйық көшесі, Шақпақ, Фахд бен Абдул Азиз, Ақан Сери, Гагарина, Дулатова, Мерейтой, Медеу, Аспара, Катонқарағай, Тобыл, Чехов және Орда көшелерін қамтиды.
Сонымен қатар, 6 және 7 тамызда сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін Қарасай батыр көшесіндегі 22/1, 24/2 үйлер мен Шынтас тұйық көшесінде монтаждау жұмыстары жоспарланған. Таңғы 09:30-дан 11:30-ға дейін Қарасай батыр 31/2, Конституция көшесіндегі 18А, 20/2, 22 үйлер мен Қарталы 3А, 3/1 мекенжайларында да жарық болмайды.
Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта Көктал кентінің Шұғыла, Сұлукөл, Қайыңды, Алмалық және 12-95 көшелерінде жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізіледі, бұл аудандарда да уақытша электр қуаты өшіріледі.
Энергетиктер тұрғындардан түсіністік танытуды сұрайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.