Астанада білім беру гранттарына құжат қабылдау басталды
Елордада 5-10 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында ЖОО-ларға құжат қабылдау өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер өтінішін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына төмендегі бағыттар бойынша тапсырады:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
Педагогика және психология;
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
Психология.
А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
Педагогика және психология;
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
Astana халықаралық университеті:
Педагогика және психология;
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
Психология.
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:
Педагогика және психология;
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
Математика пәні мұғалімдерін даярлау.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Astana медициналық университеті:
Педагогика және психология;
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
Психология;
Дефектолог;
Логопед;
Олигофренопедагог;
Тифлопедагог;
Сурдопедагог.