сенбі, 2 тамыз, 2025 13:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Даңғыл көпір

Даңғыл көпір
Фото: pikirmedia.kz
Ақордада көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, осы салаға еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсетілді.

Мемлекет басшысы көлік саласының дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлермен қатар, ел кәсіпкерлерін де марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев автокөлік жолдарының сапасын жақсартуға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударды деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанда көлік саласында 770 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 7 мың шақырым автокөлік жолы пайдалануға берілгенін айтты.

Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Алматы, Ақтөбе – Атырау – Астрахан бағытындағы күре жолдар жаңғыртылды. Жергілікті автокөлік жолдары да жөнделіп жатыр. Мұндай ауқымды жұмыс ел тарихында бірінші рет іске асатын болды. Соныңішіндегі ең ірі жоба ретінде Тоқаев Бұқтырма су қоймасындағы көпірдің ашылуына жеке тоқталды. Бұл халықтың көптен күткен қуанышы десек артық емес. «Бұл – Қазақстандағы ең ұзын көпір. Осы өткел екі облысты және жеті ауданды байланыстырады, сондай-ақ Қытай мен Ресейді жалғайды. Шақпақ баба асуында еліміздегі ең алғашқы туннель іске қосылды»— деді Президент. Бұл нысан техникалық сипаттамасы жағынан ғана емес, аймақ пен ел үшін маңыздылығы бойынша да бірегей жоба ретінде танылды.Жол да , су сияқты тіршілік көзі. Сапалы жол азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Тоқаев еліміздегі ең ауқымды әрі стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салған компания басшысын марапаттады. «ОблШығысЖол» ЖШС директоры Жанболат Қазанов көлік саласын дамытуға, жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Өздеріңізе мәлім, су үстінен салынған еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы былтыр аяқталып, қолданысқа берілген еді. Бұқтырма көпірінің ұзындығы 1300 метрден асып жығылады. Көпір арқылы тәулігіне 80 мың көлік өтеді. Бұл әрине өңір халқының тұрмыс-тіршілігіне қызмет ететін көпірге айналып отыр.Сондай-ақ, аймақтағы туризмнің дамуына де үлес қосуда. Көпір шалғайдағы Күршім, Марқакөл, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Самар ауданымен және облыс орталығымен байланыстырып, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласына еңбегі сіңген азаматтарға ризашылығын білдіріп, өз міндеттерін мінсіз атқарып, мемлекеттік маңызы бар іске белсенді түрде атсалысып келе жатқанын атап өтті. «Еңбекқорлық пен кәсібилік – өркениетті қоғамға тән қасиеттер. Еңбек адамы ең жоғары марапатқа лайықты» – деді мемлекет басшысы.
 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар