Абай облысында із-түссіз жоғалып кеткен зейнеткер бір аптадан бері табылмай жатыр
25 шілде күні орманға қарай кеткен ер адамнан әлі хабар жоқ.
Абай облысында 56 жастағы ер адам 25 шілде күні орманға қарай шығып кетіп, үйіне әлі оралмаған. Оның әйелі полицияға арызданып, көмек сұраған. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, арыз түсе сала құтқарушылар мен полиция бірден іздеу жариялаған.
Адам аяғы көп тимейтін жерлерді қарау үшін полиция дрон мен иттерді тартып жатыр.