сәрсенбі, 30 шілде, 2025 1:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте лицензиясы жоқ дәрігерлер мен тіркелмеген дәрілер бар екен

Шымкентте лицензиясы жоқ дәрігерлер мен тіркелмеген дәрілер бар екен
istockphoto.com
Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қаласында дәрілік заттар айналымы саласында көптеген заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері 15 әкімшілік хаттама толтырды. Оның 11-інде Қазақстанда тіркелмеген дәрілік препараттарды сақтау және сату фактілері анықталған. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомствоның мәліметінше, медициналық және фармацевтикалық қызметтер саласындағы шағымдар саны өсіп келеді.

Соңғы уақытта күшті әсер ететін дәрілерді бақылаусыз қолдану жиілеп кетті. Мамандар мұны әлеуметтік желілер арқылы сатылымның артуымен байланыстырады. Бұл препараттардың көбісі тек рецепт бойынша берілуі тиіс, себебі оларды өз бетінше қолдану денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін. Дәрігерлер науқастарды сақ болуға және дәрілерді дәрігердің тағайындауынсыз сатып алмауға шақырады.

Сонымен қатар шетелде білім алған немесе тиісті тіркеуден өтпеген адамдардың медициналық кабинеттер ашуы жиілеп отыр. Олардың кейбірі күмәнді емдеу әдістерін ұсынып, өздерінің препараттарын ұсынады.

Ведомствоның деректері бойынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Шымкентте медицина және фармацевтика саласында 399 өтініш тіркелген. 102 өтініш бойынша жүргізілген 109 жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңге болатын айыппұл салынған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар