"Жеңісті тағы қайталағым келеді": Елдос Сметов әсерлі жазба жариялады
Сметовтің көкейінде жаңа мақсат бар: ол Лос-Анджелестегі Олимпиадада екінші мәрте чемпион атану.
Елдос Сметов Париждегі алтын жеңісіне бір жыл толуына орай әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Спортшы Олимпиада алтынына апарар жолдың оңай болмағанын, сол сәттің өміріндегі ең биік жетістік екенін айтып, өткен күндерге шегініс жасады.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасының финалында жарыс қожайыны Лука Мхеидзені жеңіп, ел қоржынына тарихи алтын салған болатын. Бұл - оның Олимпиададағы толық жүлде жиынтығын жинаған санаулы спортшылар қатарына қосылған сәті.
Жеңіске жеткен соң өмірлік бағытын қайта қараған спортшы енді отбасы мен жақындарына көбірек көңіл бөлуге тырысып жүргенін де атап өтті. Бірақ ол мансабын аяқтау деген сөз емес. Керісінше, Сметовтің көкейінде жаңа мақсат бар: ол Лос-Анджелестегі Олимпиадада екінші мәрте чемпион атану.