
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (22-3) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
31 жастағы қазақ жауынгерінің қарсыласы перулік, 24 жастағы Хосе Очоа болды. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Ол бұған UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіп, біреуінде жеңілген. Енді оның еншісінде екі жеңіліс бар.
Осылайша, Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кету керек, бұл кездесуде Асу Алмабаевтың бұрышында мүлдем жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (19-0) болды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.