Бүгін бірқатар өңірде аптап ыстық, найзағай мен өрт қаупі күшейеді
- авторОймақ
- Бүгін, 10:31
- 34

Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 23 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 23 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 23 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталықта екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 23 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 23 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Қызылорда қ.: 23 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 23 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 23 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 23 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 23 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 23 шілдеде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Талдықорған қ.: 23 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 23-28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 23 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.