Әлем

АҚШ халықаралық ұйымнан шығуға бел буды

Ұйымның қызметі Ақ үйдің ұстанымына қайшы екені белгілі болды.

АҚШ ЮНЕСКО-дан шығуға шешім қабылдады. Ақ үй бұл ұйымның "антиамерикалық саясатына" байланысты осындай қадамға бармақ.

Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келлидің сөзінше, ЮНЕСКО қолдап отырған мақсаттары Вашингтонның қазіргі саясатына сәйкес келмейді.

Ақпан айында Трамп АҚШ-тың ЮНЕСКО құрамында қалуының қаншалықты орынды екенін анықтау мақсатында 90 күндік талдау жүргізуді тапсырды. Оған сәйкес, ЮНЕСКО "Палестинаны және Қытайды қолдайтын" саясат ұстанады деген қорытынды шыққан.