сейсенбі, 22 шілде, 2025 20:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Автобус апатынан екі аяғынан айрылған қыз бала оңалту орталығынан шықты

Автобус апатынан екі аяғынан айрылған қыз бала оңалту орталығынан шықты
әлеуметтік желі
"Қызымның жағдайы қазір жақсы, өзін қалыпты сезінеді".

Астанада автобустың қатысуымен болған жол апатынан аяқтарынан айырылған қыз бала оңалту орталығынан шығарылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында 7 жасар Алуа Бекеннің анасы қызының қазіргі жағдайы мен протезге дайындық қалай өтіп жатқанын айтқан.

Қазір бәрі жақсы. 18 шілдеде бізді оңалту орталығынан шығарды. Қазір демалып жатырмыз. Жақында протезбен жаттығуларды бастаймыз, оңалтуды басқа жерде жалғастырамыз, – деді қыздың анасы.

Оның айтуынша, жақын арада Алуаға протез салуға дайындық басталады. Қыздың психологиялық жағдайы да тұрақты.

Қызымның жағдайы қазір жақсы, өзін қалыпты сезінеді. Бізге алты айға төрт бөлмелі пәтер берілді. Бізге пәтер сыйға берілді, бірақ оның құрылысы қазан айында аяқталады, – деп қосты анасы.

2 маусым күні кешке Астанада автобус бағанаға соғылып, салдарынан 15 жолаушы зардап шекті. Өкінішке қарай, 7 жасар қыздың аяқтарына ампутация жасалды.

Қалалық №1 автобус паркі өкілдерінің айтуынша, жүргізуші бағананы байқамай қалған. Жол-көлік оқиғасының сәті бейнебақылауға түсіп қалған: кадрда жолаушылар автобусы Республика даңғылы бойымен салыстырмалы түрде баяу жылдамдықпен қозғалып бара жатқаны көрінеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар