Саясат

Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді. 

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі, – делінген арнайы ақпаратта.