Медеуде төмен ұшқан тікұшақ адамдарға қауіп төндірді
"Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі "Медеу" аумағындағы тікұшақтың оқыс ұшуына қатысты ресми түсініктеме берді
Мекеменің мәліметінше, "Медеу" спорт кешені маңындағы ресми алаңнан тікұшақ алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарлы ұшуды орындаған. Ал әуе бортын біліктілігі расталған тәжірибелі ұшқыш басқарған.