бейсенбі, 17 шілде, 2025 22:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сот отырысында Перизат Қайраттың анасының жағдайы күрт нашарлаған

Сот отырысында Перизат Қайраттың анасының жағдайы күрт нашарлаған
instagram
Судья Сабыржан Каримов сот отырысына үзіліс жариялады.

Перизат Қайрат ісі бойынша кезекті сот отырысында күдіктінің анасы Ғайни Алашбаеваның жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Адвокат Асланбек Даулетьяровтың айтуынша, айыпталушы дене қызуының көтерілуі мен суық тию белгілеріне шағымданған.

Судья Сабыржан Каримов сот отырысына үзіліс жариялады.

Ал Ғайни Алашбаеваға жедел жәрдем шақырылды. Сот отырысының трансляциясы тоқтатылды.

Еске сала кетейік, аталған қылмыстық іске байланысты күдіктілер ретінде Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаева анықталған. 2025 жылдың 4 сәуірінде Гайни Алашбаеваға қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Перизат Қайрат 2021 жылдан 2024 жылға дейін әртүрлі қайырымдылық бастамалары аясында 3,5 миллиард теңгеге жуық қаражат жинап, оны жеке мақсаттарда пайдаланып келген. Бұл қаражаттар негізінен балаларға, табиғи апаттардан зардап шеккендерге және Палестина халқына гуманитарлық көмек ретінде жиналғаны айтылған.

Алайда, құқық қорғау органдары бұл қаражаттардың басым бөлігі сәнді киім-кешек, зергерлік бұйымдар, көлік пен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалғанын анықтаған.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264130-sotta-perizat-qairattyn-anasynyn-zagdaiy-nasarlap-qaldy

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар