Астанада Абайдың нақыл сөздерін бүлдірген адам ұсталды
Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды
Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, Сығанақ көшесіндегі аллеяда 49 жастағы ер адам конструкцияны сындырған және ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған. Ол өз әрекетімен қоғам мен мәдени құндылықтарға ашық түрде құрметсіздік танытып, көрнекті тарихи тұлғаның рухына нұқсан келтірді. Мұндай қадам қоғамда наразылық тудырып, мәдени мұра нышанын қорлау ретінде бағалануы мүмкін.
Жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікті әдейі бүлдіруге бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді. Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, құқық бұзушылықтар туралы “102” арнасына дереу хабарлауға шақырады.