FIDE World Cup 2025: Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.