Дәурен Айдарқұлов Ақботамен қайта қосыла ма?
Актер ерекше видеосымен елді елең еткізді.
Актер Дәурен Айдарқұлов әлеуметтік желіге жариялаған ерекше видеосымен жұртты елең еткізді. Видеода ол аты аңызға айналған Роберт Де Ниромен «әңгімелесіп» отырғандай көрінеді. Әрине, бұл – шебер жасалған монтаж. Алайда актер айтқан сөздер ел ішінде түрлі болжамдар мен пікірлерге себеп болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл мәлімдемеден кейін көпшілік әртүрлі жорамалдар айтуда. Бірі: «Ақбота-Нұрмен қайта қосылмақшы», десе, енді бірі: «Тағы бір шоу басталғалы жатыр», – деген пікірлер қалдырған.
Алайда видеода айтылған сөздердің нақты мәні әзірге белгісіз. Егер бұл расында да астары бар ишара болса, актер алдағы күзде жеке өміріне байланысты маңызды жаңалықпен бөлісуі мүмкін.
Еске салайық, Дәурен Айдарқұлов пен әнші Ақбота-Нұр Айдарқұлова 2016 жылы отбасын құрған, алайда кейін ажырасып кеткен. Сол кезден бері олардың қарым-қатынасы қоғам назарынан тыс қалған емес.