Қоғам

Әуежай қызметкерін кепілге алған адамға қандай жаза кесілмек

Машрапбек Баратовқа қатысты іс бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында наурыз айының басында әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты іс бойынша сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.

Сот барысында прокурор Баратовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыпталушының кінәсін мойындауы жеңілдететін жағдай ретінде есептелді. Ауырлататын жағдайлар жоқ. Мемлекеттік айыптаушы Баратовтың 7 наурыздан бері қамауда болған уақытын жалпы жаза мерзіміне қосуды сұрады.

Өз кезегінде Баратовтың адвокаты оның ауыр өмірлік жағдайға тап болғанын айтты. Ол қорғауындағы адамның қасақана ойы болмағанын, жарылғыш құрылғының жоқ екенін, айтылған қауіптің эмоциялық күйде жасалғанын атап өтті. Жәбірленушіге зиян келтірілмеген, айыпталушы шын жүректен өкініп, кінәсін мойындады. Қорғаушы оның жасын және жеңілдететін жағдайларды ескеріп, ең аз жаза тағайындауды сұрады.