Мүгедектігі бар азаматтарға 300 млрд-қа жуық теңге төленді
Елімізде 300 мыңнан астам оңалту қызметі көрсетілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шеңберінде 285,7 млрд теңге сомасына жәрдемақылар мен төлемдер жүзеге асырылды. Портал арқылы 300 мыңға жуық оңалту құралдары мен қызметтері көрсетілді. 18,6 мың адам инватаксиді қолданды. 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді лицензиялау енгізілді. Бүгінгі күні 568 орталық лицензия алды, - дейді Қабыкенқызы.
Сонымен қатар Жақыпова жаңа кәсіби стандарттар бойынша әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Барлығы 10,5 мың адам оқудан өтті. Біліктілікті тану орталығы құрылды.
Қазіргі уақытта мүгедектікті белгілеу кезінде жасанды интеллектті енгізу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жерде біз медициналық ақпараттық жүйелердің дайындық деңгейіне баса мән береміз, - дейді ведомство басшысы.
Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.