сейсенбі, 15 шілде, 2025 14:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда автобус апатқа ұшырап, 23 адам зардап шекті

Алматыда автобус апатқа ұшырап, 23 адам зардап шекті
фото: скрин
Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Алдын ала мәлімет бойынша, МАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай тас жолымен шығыс бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Нәтижесінде ол өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан Mercedes-Benz және KIA көліктерімен соқтығысқан, содан кейін қарсы жолаққа шығып кетіп, Yutong автобусы мен Subaru көлігіне соғылған», – деп хабарлады полиция.

Жол апаты салдарынан автобустың жолаушылары мен KIA көлігінің жүргізушісі, барлығы 23 адам зардап шекті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар