Санжар Мәди 10 студентке 50 мың АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы берді
Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парағына жазды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, белгілі әртіс Санжар Мәди Қаскелең қаласында ашылатын Нью-Йорк киноакадемиясының жаңа филиалында білім алатын 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парағына жазды.
Мемлекет басшысы министрлікке Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын дамыту және білім алуға ұмтылған жастар үшін мүмкіндіктер жасау жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылуда.
Осы міндет аясында белгілі актер, продюсер Санжар Мәди мырзамен кездестім. Студенттер мен жас дарындарды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны талқыладық.
Санжар Мәди Қаскелең қаласында ашылатын Нью-Йорк киноакадемиясының жаңа филиалында білім алатын 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді. Бұл – білім мен адами капиталды дамытуға жасалған инвестицияның жарқын үлгісі. Аталған игі бастама үшін министрлік атынан алғыс білдірдім. Расында, бұл ізгі іс – жай ғана демеушілік емес, бұл – ел болашағына құйған инвестиция, – деп жазды министр Саясат Нұрбек.