Перизат Қайраттың жоғары білімі болмаған – прокуратура
"Аяқталмаған орта білімі бар" дейді.
«Biz Birgemiz» қоғамдық қорының жетекшісі әрі қоғам белсендісі болған Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ болып шықты, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
inbusiness.kz сайты хабарлағандай, ерікті бұған дейін бірнеше мәрте шетелде жоғары білім алғанын айтқанымен, айыптаушылар мұны жоққа шығарып тек «аяқталмаған орта білімі бар» деді.
«Сондай-ақ, өзін кәсіпкер ретінде көрсету үшін Біріккен араб әмірлігінде тұрғанын және ет жеткізу бойынша отбасылық бизнес жүргізгенін айтып, жалған ақпарат таратқан, — дейді айыптау актісін оқыған прокурорлар.