сейсенбі, 15 шілде, 2025 1:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Halyk Bank бірнеше өңірде журналистерге семинар-тренинг өткізеді

Halyk Bank бірнеше өңірде журналистерге семинар-тренинг өткізеді
Фото авторы: Halyk Bank
Биыл Halyk Bank еліміздің 5 өңірінде қазақтілді журналистерге арналған семинар-тренингтер өткізеді – Орал, Қостанай, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында. Тренингтердің мақсаты – өңірлік журналистердің қаржылық сауатын арттыру. Айта кетейік, мұндай тренингтер былтыр Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау қалаларында өткен болатын.

Бұл жоба арқылы банк бірінші кезекте өңірлік БАҚ өкілдерінің қаржылық сауатын арттыруды  мақсат етеді. Осындай іс-шара  арқылы  банк журналистермен сенім және жақсы қарым-қатынас орнайды деген үмітте. Оған қоса, соңғы кездері еліміздері алаяқтардың құрбаны болғандар саны артып  жатыр. Осы ретте банк өкілдері алаяқтардың жаңа схемаларына тоқталып, оларға алданбау жолдарын айтып берді.

"Банк қызметкері ешқашан дербес деректерді және карта деректерін сұрамайды. Картаның қолданылу мерзімі, әртүрлі кодтар,  - мұның барлығы банк қызметкеріне керек емес. Мұндай мәліметтерді әдетте алаяқтар сұратады. Сондықтан абай болыңыздар", – деді Halyk Bank БҚО облысы филиалы директорының орынбасары Губашев Ринат.

Ресми деректерге сүйенсек, жыл басынан бері 10 000-нан аса интернет алаяқтық тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 4-5 есеге көп екен. Осыған байланысты банк клиенттердің алаяқтарға алданбауы үшін барынша күш салып, алаяқтық, қаржылық сауаттылық сияқты мәселелерді қамтуға бағытталған бірқатар семинарларды өткізуді қолға алып отыр. Банктегілердің  айтуынша, олар қазақстандықтарды алаяқтардан қорғап, журналистер арқылы олардың қаржылық сауатын арттырғысы келеді. 

Банк үшін ең бастысы – клиенттердің қауіпсіздігі және олардың банкке деген сенімі. Айта кетейік, банк семинарлардан бөлек алдағы уақытта вебинарлар өткізуді жоспарлайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар