Әлеумет

«Елдос пен Таңшолпаннан, кешірім сұраймын» – Салтанат Байқошқарованың сіңілісі пікір білдірді

Ол ел арасында түсінбеушілік болып жатқанын айтты.

Танымал «Экомед» клиникалар желісінің негізін қалаушы Салтанат Байқошқарованың сіңілісі Перизат Байқошқарова әлеуметтік желі арқылы үндеу жасап, әзілкеш Елдоспен әйелінен кешірім сұрады, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Байқошқарованың «Елдостың ұрығы болмаған» деп үндеу жасағаны тараған болатын.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263885-eldos-pen-tansolpannan-qazaq-elinen-kesirim-suraimyn-saltanat-baiqosqarovanyn-sinilisi-video

Осындай керемет нәтижелерге себепкер болған ең озық технологияларды барша халыққа қолжетімді ету мақсатында, басшыларымыз Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Атырау қалаларындағы орталықтарға қойды.

Иә, Елдос бауырым бұрынырақ хабарласқан. Ол кезде, өкінішке қарай, бізде ондай технология болмаған. Ал бүгінгі таңда — бар.

Бұл — менің жеке пікірім. Елдос дұрыс айтты: “Бәрі дәрігер емес.” Ал мен де журналист емеспін. Сондықтан кей сөздерім бұрмаланып, толық жеткізілмеген болуы мүмкін. Соған шын жүректен кешірім сұраймын.

Елдос пен Таңшолпаннан, сондай-ақ барша Қазақ елінен кешірім сұрай отырып, осы видеомен арада туындаған түсініспеушілікке нүкте қоюды жөн көрдім.

Таңшолпан аман-есен жеңілдеп, Елдос екеуі көптен күткен өз сәбилерін құшағына алып, шаңырақтарында үлкен қуаныш тойы болсын деп шын жүректен тілектеспін! Бұл – жүректен шыққан үндеу. Қабыл алсаңыздар – рақмет.
Жүрекпен түсінсеңіздер – мың алғыс», — деп жазды ол.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263885-eldos-pen-tansolpannan-qazaq-elinen-kesirim-suraimyn-saltanat-baiqosqarovanyn-sinilisi-video