Ақмарал Ерекеш әлемдік брендпен келісімге отырған алғашқы спортшы
Бұл туралы бапкері Меруерт Төлегенқызы айтты.
Ақмарал – Sasaki әлемдік брендімен келісімшартқа отырған алғашқы шетелдік спортшы, дейді бапкер Меруерт Төлегенқызы "Айқын" газетіне берген сұхбатында.
. ООның айтуынша, оның сахнадағы мінезі, еңбекқорлығы, шеберлігі көптің назарын аударды. Әсіресе, өзін-өзі ұстауы, әр нөмірін толық алып шығуға ұмтылысы талайды тәнті етті. Басшылар оның әртістік қабілеті, сахнада ұшып жүргендей еркін қимылдауы да брендтің болмысын ашатынын түсінді. Sasaki-дің тұңғыш рет шетелдік гимнастпен келісімшартқа отыруы – бұл қазақ спортшысының халықаралық аренадағы беделі артып келе жатқанының нақты дәлелі. Бұл жол басқа да жас спортшыларға шабыт береді деп сенеміз. Алдымен, аталған бренд менімен байланысқа шығып, ұсыныс білдірді. Федерацияға, басшылыққа жақсы жаңалықты жеткізіп, нәтижелі жұмыс екеніне көз жеткіздім. Одан кейін Ақмаралдың өзіне хабарладым. Ал алғашында не сенерін, не сенбесін білмеді. Біз де шәкіртіміздің қуанышына барынша ортақтасуға тырыстық.