Газа секторында жүкті әйелдер тойып тамақ ішпейді
Газа секторында 50 мың жүкті әйел аштық зардабын тартып жүргенін жазады.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтар бойынша қорының өкілдері мәлімдеді. Анклавта азық-түлік, дәрі-дәрмек, тазалық заттары мен жанар-жағармай өте қат. Осының кесірінен балалар шала туып жатыр. Көп шақалақтың салмағы 1 келіден әрең асады. Медицина қызметкерлері жетіспегендіктен бір инкубаторға бірнеше нәрестені салуға мәжбүр.