жұма, 11 шілде, 2025 20:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұшақ рейсіне кешіккен азаматтың бостандығы шектелді

Ұшақ рейсіне кешіккен азаматтың бостандығы шектелді
istockphoto.com
Оқиға Астана әуежайында болған.

Ұшақ рейсіне кешіккен азамат бостандығын шектеу жазасына тартылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы күдіктінің кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деп хабарлады Көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Оқиға Астана әуежайында орын алған.

«Елорда әуежайында Алматы тұрғыны рейске кешігіп, агрессивті әрекетке барып, әуежай аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан. Тергеу барысында ер адамның полиция қызметкерлерінің талабын елемей қана қоймай, оларды балағаттап, денсаулығына зиян келтірумен ашық түрде қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы жасалған қылмыс ретінде сараланды», – деп нақтылады көлік прокурорлары.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар