бейсенбі, 10 шілде, 2025 22:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Арзан пәтер алам деп, алаяққа алданып қалған

Арзан пәтер алам деп, алаяққа алданып қалған
istockphoto.com
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Семейде арзан пәтер алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Семей қалалық полиция басқармасына 35 жастағы кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, таныс әйел арзан бағамен пәтер алып беремін деп уәде беріп, ірі көлемде ақша алып, байланысқа шықпай кеткен.

Тексеру барысында 2024 жылғы 24 қарашада Семейдің 41 жастағы тұрғыны жәбірленушіге тұрғын үйді тиімді бағада сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, одан 2,5 миллион теңге алғаны анықталды. Алайда ол уәдесін орындамай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар