Руханият

«2 ән айтса, концерт берейін деп тұр ғой»: Мөлдір Мұқанова ән айтамын деп сынның астында қалды

Ол Астана күніне арналған кешке қатысқан еді.

Астана күніне арналған кеште ән айтқан Мөлдір Мұқанова сынның астынды қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

6 шілде – Астана күніне арналған мерекелік концерт барысында танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, тележүргізуші әрі актриса Мөлдір Мұқанова сахнада ән шырқап, көпшіліктен әнін бірге орындауды өтінген. Алайда бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Кейбір желі қолданушылары оның сахнадағы өзін ұстау мәнері мен өнерін сынға алып, түрлі пікірлер жазды.

«Қандай ән екен өзі, 45 әні бар адам сияқты», «Ән айтпай-ақ қойсаң», «2 ән айтса, концерт берейін деп тұр ғой», «Сахнада өзін ұстауы, қимыл-қозғалысы ерсі. Ашық айтсам, Мөлдірге сахна жараспайды», «100 әні бардай түрімен», «Басқа әні бар адам сияқты», деген сыни пікірлер жиі кездеседі.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанова бұған дейін де шығармашылықпен айналысып, сахнада әртүрлі рөлдерде көрінген.