Полиция Перизат Қайраттың "соққыға жығылдым" деген мәлімдемесіне қатысты түсінік берді
- авторОймақ
- Бүгін, 11:46
- 32

Астана қаласы Полиция департаменті Перизат Қайраттың алдын ала сот тыңдауында БАҚ өкілдеріне «тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылдым» деген мәлімдемесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Перизат Қайраттың сөзінше, өзін соққыға жығу оқиғасы 9 маусым күні болған.
«9 маусым күні тергеудегі П.Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген. Аталған арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды», - делінген полиция департаменті мәлімдемесінде.
Күдіктінің айтуынша, аталған жағдай камера есігін жабу кезінде болған.
«Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша П.Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ол қайырымдылыққа жиналған 3 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263735-soqqyga-zyqty-policiia-perizat-qairattyn-tergeu-izoliatoryndagy-videosyn-zariialady
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.