Астанада полковник әскери қалашық маңында қыз зорлаған
Астаналық 47 жастағы тұрғын танысының зорлағанын айтып, арыз жазған.
Астаналық 47 жастағы тұрғын полицияға арыз жазып, танысы өзін зорлағанын айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқиға әскери қалашық аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник.
«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады «Ордаға» елордалық ПД.
Бұған дейін Түркістан облысында уақытша ұстау изоляторында қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталған еді.