бейсенбі, 10 шілде, 2025 19:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Университеттің атауы өзгеретін болды

Университеттің атауы өзгеретін болды
Фото: gov.kz
Енді ол ҚР Ұлттық қорғаныс университеті болып қалады.

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгеретін болды.

Ондағы «елбасы» сөзі түсіп қалып, ЖОО атауы жай ғана ҚР Ұлттық қорғаныс университеті болып қалады.

Түзетуге ұшырайтын құжаттың атауы - «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысы.

Қаулыға Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң аясында түзету енгізу қажеттігі туындаған.

Жобамен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген, - деп жазылған ереженің сипаттамасында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар