сәрсенбі, 9 шілде, 2025 19:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенатор Нұртөре Жүсіп АЭжБУ қызметімен танысып түлектермен кездесті

Сенатор Нұртөре Жүсіп АЭжБУ қызметімен танысып түлектермен кездесті
фото сенат
Сондай-ақ энергетика және байланыс саласының болашақ мамандарын шығару рәсіміне қатысты.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде болды. Сенатор жоғары оқу орынының басшылығымен және педагогикалық құрамымен кездесу өткізді. Сондай-ақ энергетика және байланыс саласының болашақ мамандарын шығару рәсіміне қатысты.

Нұртөре Жүсіп түлектер алдында сөйлеген сөзінде энергетика және телекоммуникация бүкіл экономиканың жұмысын қамтамасыз ететін базалық саланың бірі болып табылатынын атап өтті. Жеделдетілген цифрландыру, «жасыл» энергетиканы дамыту, смарт-технологияны енгізу және энергетикаға қажеттілік өскен жағдайда Қазақстанға техникалық сауатты, инновациялық тұрғыда ойлайтын, қазіргі заманның қауіп-қатеріне бейімделген өмірлік маңызы бар жаңа буын инженерлері қажет.

«Әрбір түлек – болашақ «ақылды» желіні әзірлеуші, жаңартылатын энергия көзіне негізделген жүйелерді жобалаушы, стратегиялық маңызды инфрақұрылымның киберқауіпсіздігі бойынша сарапшы болып табылады. Олардың білімі мен дағдысы өнеркәсіпті дамытудың, экономиканы цифрландырудың, энергияның тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың қозғаушы күшіне айналады. АЭжБУ шалғай және стратегиялық маңызы бар өңірлерді дамытуды қолдап келеді, негізгі мемлекеттік бастамаларды іске асыру үшін кәсіби кадрларды қалыптастырады», - деді Нұртөре Жүсіп.

Нұртөре Жүсіп университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты және оқу орнының басшылығымен пікір алмасу барысында университеттің еліміздегі энергетика мен цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Қазақстан болашағының кадрлық негізін қалыптастырады. Жаһандық трансформация жағдайында мұндай университет білім, инновация және инженерлік шешімдер туатын зияткерлік орталыққа айналады. АЭжБУ пәнаралық ортада жұмыс істеуге және белгісіздік жағдайында шешім қабылдауға қабілетті икемді, көп салалы инженерлерді дайындайды. Бұл, әсіресе, еліміздің дамуы адами капиталға, цифрландыруға және энергетикалық тұрақтылыққа тәуелді болған кезде аса маңызды», - деді Нұртөре Жүсіп.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар