сейсенбі, 8 шілде, 2025 18:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Төреғали Төреәлінің отбасы тұсаукесер өткізді

Төреғали Төреәлінің отбасы тұсаукесер өткізді
instagram.com/aigulmukei
Айгүл Мүкей бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Белгілі қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Айгүл Мүкей Instagram парақшасында танымал әнші Төреғали Төреәлінің отбасылық жиынында түсірілген видеоны бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

7 шілдеде жарияланған жазбада Айгүл оқырманын қызықтырып:

Үнсіз кеткен Төреғали қайта оралды ма? – деп жазды.

Видео кадрларынан белгілі болғандай, 5 шілде күні әншінің кенже ұлы бір жасқа толған. Осыған орай Төреғали мен жұбайы Толқын Мырзақымова ұлдарына арналған тұсаукесер рәсімін өткізуді ұйғарған. Бұл салтанатты әрі маңызды дәстүрлі рәсімді 32 жастағы өнер иесі өзінің сенімді продюсері Жан Мұқановқа тапсырған.

Төреғалиді біраз уақыт көрмеген тыңдармандары оның бұл отбасылық шарасына шынайы қуанып, жылы лебіздерін жаудырды:

«Құтты болсын, баланың жолы ашық болсын!»

«Төрештің жары сондай сымбатты әрі биязы екен».

«Ұлыңыздың алғашқы қадамы құтты болсын!»

«Бақытты болыңыздар. Сәттілік тілейміз».

«Жарайсың! Әкең сияқты тамаша әнші бол!»

«Ол – халықтың ұлы. Еліне қызмет етпей қоя ма?».

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар