Әлем

Трамп қазақстандық тауарларға 25 пайыздық тариф енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді

Аталған хат Трамптың жеке Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдап, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ-қа экспортталатын қазақстандық тауарларға 25 пайыздық тариф енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Аталған хат Трамптың жеке Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды. Құжатта көрсетілгендей, егер қазақстандық кәсіпорындар өз өндірісін Америка Құрама Штаттарына көшіретін болса немесе онда зауыттар салып, өнім өндіруді қолға алса, бұл тариф қолданылмайды.

Егер сіздің елдегі компаниялар АҚШ аумағында өндіріс ашса немесе зауыт салса, онда тариф алынбайды. Бұған қоса, біз барлық рұқсаттарды қысқа мерзім ішінде – бірнеше аптада, кәсіби және жедел түрде рәсімдеуге бар күшімізді саламыз, – делінген хатта.

Осыған ұқсас хабарламалар Малайзия (25%), Лаос (40%), Оңтүстік Африка (30%), Мьянма (40%), Жапония (25%) және Оңтүстік Корея (25%) елдерінің көшбасшыларына да жолданған.