Қоғам

"Қырық градусқа дейін ыстық": 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін бірқатар облыста бұрақ, найзағай, дауылды жед болады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауылды жел және шаңды дауыл болады деп күтіледі.

Бірақ кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады, жекелеген өңірлерде +40 °C дейін аптап ыстық болады деп болжанып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күндіз – найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысында – найзағай, күндіз – бұршақ. Жел 20 м/с дейін күшейеді, өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында – найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/сжетеді.

Қостанай облысында – найзағай, түнде және таңертең – тұман. Жел 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында – қатты жаңбыр, найзағай, күндіз – бұршақ және дауыл. Жел солтүстік-батыстан, түнде солтүстікте екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысында – найзағай, бұршақ, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында – найзағай. Күндіз – 35–37°C аптап ыстық, жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында – нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді, өрт қаупі жоғары.

Абай облысында батыста, солтүстікте және орталықта – найзағай, күндіз – бұршақ, дауыл. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында – таулы аудандарда найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікте, оңтүстікте және тауларда екпіні 15-20 м/с жетеді, өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысында – жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Күндіз шығыста және солтүстікте – 35–37°C аптап ыстық.

Қызылорда облысында – шаңды дауыл. Жел солтүстіктен 15-20 м/с соғады. Күндіз 40°C аптап ыстық. Төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында – солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша – төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында – жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында – өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында – күндіз орталықта найзағай. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, екпіні 15 м/с дейін жетеді, жоғары өрт қаупі бар.